-A A +A

Ақтас кентінде Саран қаласы Әділет басқармасы «әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырды

         Саран қаласының  Әділет басқармасымен 2017 жылдың 19-маусымында  сағат 10.00-12.30–де Саран қаласының сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің сот орындаушыласы мен Саран қаласының ХҚКО қызметкерлерімен, адвокаттармен және нотариус қатысуымен «Әділет кеңес береді» атты акция өтті.
        Акция барысында заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Doing Business» көрсеткіштерін жақсарту сұрактары бойынша жүргізілетін шараларды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
       Азаматтардан алимент өндіруіне қатысты сот шешімінің орындалуы, жалақы туралы, жеке сот орындаушыларына жүгіну реті туралы және борышкерлер сот шешімін үзақ мерзімде орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданатындағы туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және тіркеу мерзімдері, әкімшілік хаттама толтыру, электронды түрде тіркеу, тауар белгісі туралы және әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
        Іс-шараға барлығы 16 адам қатысты.
 Саран қаласы
Әділет басқармасы