-A A +A

АНОНС 21 маусым 2017 жылы Саран қаласында азаматтарды құқықтық сұрақтар бойынша ашық қабылдауын өткізу туралы

         Қазақстан заңгерлер одағының қызметтері бағытының бірі адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.  Осыған байланысты, заңгерлер одағының Қарағанды ​​облыстық филиалы мен «Нұр Отан» партияның облыстық филиалы  бірлесіп азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша ашық қабылдау нысаны белсенді пайдаланылады. 
         Ашық қабылдаудың мақсаты, әр түрлі құқықтық тақырыптар бойынша тегін кеңес алуға мүмкіндік беру, азаматтарға білікті құқықтық көмек қамтамасыз ету.
         Консультанттар ретінде облыстық соттың, облыс прокуратырусының,  Әділет департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, нотариаттық палатаның, адвокаттар алқасының және басқа тәжірибелі қызметкерлері қатысады.
         Қарағанды ​​және Теміртау қалаларында өткізілген ашық қабылдауына 100-ден астам адам жүгінді, оның көбісі –  ақылы кеңес алуға мүмкіндігі жоқ зейнеткерлік жастағы тұлғалар.
         Барлық түскен өтініштер тиісті  мемлекеттік органдарға жолданып, олардың қаралуы бақылауға алынды.
        Ұқсас құқықтық сұрақтар бойынша ашық қабылдау Қарағанды ​​облыстық заңгерлер одағының филиалы мен «Нұр Отан» партияның облыстық филиалы  бірлесіп Саран қаласының мәдениет Үйінде 21 маусым 2017 жылы өткізіледі.
        Қала тұрғындары құқықтық сұрақтар бойынша келесі мемлекеттік органдардың: Қарағанды облысының прокуратурасы, Ішкі істер департаменті, Әділет департаменті, Соттар әкімшілігі, Мемлекеттік кіріс департаменті, Жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Азаматтарға Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҰАО – «Халыққа қызмет көрсету» Департаментінің мамандарынан консультацияларды, сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, құқықтық сұрақтармен жүгіну және сұрақтарға білікті жауаптарды Облыстық адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатасының және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен алады.
 
 
Қарағанды облысының
«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ,
 Филиалдың хатшысы
Гульнар Сагадиевна Жашкенова