-A A +A

Бұқар жырау ауданының әділет басқармасымен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ актуалдандыру мәселесі бойынша семинар өткізілді

2017 жылдың 25 желтоқсанында Бұқар жырау ауданының әділет басқармасы аудан әкімі аппаратымен бірлесіп,  Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын актуалдандыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді.

Аталған іс-шарада жергілікті атқарушы органдардың: Мемлекеттік кірістер басқармасы, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Қарағанды облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ өкілдері, ауданның он ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Семинардың мақсаты - жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің 4 деңгейі мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша іс-шаралар Жоспарының сапалы орындалуы. 

Іс шара барысында уәкілетті органдардың деректер базасымен салыстырудың нәтижелері қарастырылды, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын актуалдандыруға, жылжымайтын мүлікке тіркелмеген құқықтарды анықтауға, қате мәліметтерді түзету тәртібіне, оларды болдырмау жолдарына қатысты мәселелер талқыланды, мекен-жайды, мекенжайды тіркеу кодын беру тәртібі түсіндірілді.

Талқылау соңында қатысушылар пікір алмасты,селолық округтер әкімдіктерінің уәкілетті органдармен өзара қарым-қатынасы арқылы аталған бағыттағы жұмыс сапасын арттыруға көңіл бөлінді.

 

Бұқар жырау ауданының

 әділет басқармасы