-A A +A

Бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында «Семинар-кеңес» өткізілді

2017 жылдың 08 желтоқсанында Қаражал қаласының Әділет басқармасы,  мемлекеттік кірістер  басқармасы, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Қарағанды облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «Қазақстан халық банк» АҚ,  «Қазпошта» АҚ-ның Қаражал қ. және Жәйрем  кенті бөлімшелері, «Евразиялық банк» АҚ және Жәйрем кенті әкімінің аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары  А. Ұ. Маминнің 2017 жылғы 31 наурыздағы бекіткен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дағы және органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректердің актуалдылығы мәселесі бойынша «Семинар-кеңес» өткізілді.                                                    Кеңес барысында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дағы актуаландыру нәтижесі, табылған қате мәліметтер жайлы айтылды.                                                              Отырыс соңында қатысушылар қателерді жою және атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру мен актуалдандыру бойынша, сонымен қатар  жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша жоспарға сәйкес  бюджеттің төртінші деңгейін енгізу мақсатында бірігіп жұмыс жасау үшін пікір алмасты.

 

Қаражал қаласының

    әділет басқармасы