-A A +A

Дербес бюджетті өзін-өзі басқару бойынша дөнгелек үстел

2017 жылдың 07 қарашасындағы Қарағанды қаласы әділет басқармасының басшысы  А. Амантаевтың төрағалығымен жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджет және коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шараларының жоспарын орындау мақсатында пилоттық жоба тәжірибесіне сәйкес деректер қорын салыстырулары бойынша жұмыс жиналысының хаттамасына байланысты Қазыбек-би және Октябрь аудандарының кірістер басқармалары ММ-сі, «Қарағанды қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-сі, Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы – Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті  өкілдерінің  қатысыумен «дөнгелек үстел» өткізілді.

Сонымен қатар, іс шараға мемлекеттік және өкілетті органдардың өкілдері қатысып, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын салыстырып тексеру проблемалық мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша одан әрі ыңтымастық қажеттігі туралы пікір алмасты.