-A A +A

Қарағанды қаласы Әділет басқармасы және АҚ «Береке» өкілдерімен кездесу өтті

         2017 жылдың 16 маусымында Қарағанды қаласы Әділет басқармасы және «Береке» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудегі өзгерістер туралы» тақырыбында кездесу өткізді.
          Кездесу  барысында ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі жайында және "Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" арқылы елде кәсіпкерлікті дамыту реформасы туралы және Дүниежүзілік Экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұстанымдарын жақсарту туралы айтылып өтті.
            Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерінің бір күнге қысқаруы, нотариустардың мәміле жасағаннан кейін өтініш білдірушілердің қалауы бойынша тіркеуші органға электрондық түрде жіберіп, тіркеу жұмыстарының іс-жүргізу мүмкіндігі айтылып, қажетті құжаттар мен тіркеу жұмыстарының механизмі туралы айтып өтті.
 
Қарағанды қаласы Әділет басқармасы