-A A +A

Қарағанды қаласының Әділет басқармасымен «Еңбек - 2014» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізілді

2017  жылдың  11 шілдесінде  Қарағанды қаласының Әділет басқармасымен «Еңбек - 2014» ЖШС өкілдері қатысуымен «Мемлекеттік қызметті жеңілдету және қол жетімділігі» және «Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуде әділет органдарының әрекеттерін, шешімдерін даулау, меншік құқықтары мәселелері талқыланды, сонымен қатар заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелер қаралды.

Өткізілген кездесу нәтижесі бойынша қатысушылар Қарағанды қаласында бизнес жағдайын жақсарту мақсатында, әділет органдарымен алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Қарағанды қаласының
Әділет басқармасы