-A A +A

Қарағанды қаласының Әділет басқармасымен кездесу өтті

   2017 жылдың 16 маусымында Қарағанды қаласының Әділет басқармасымен «Акниет» ЖШС-ның өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты қолданыстағы заңнама саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіру. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету сапасымен келіспеген жағдайда қызмет алушылардың мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі, құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
   Кездесу барысында «Мүлік құқығы» индикаторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандандық индексі көрсеткіштерін жақсарту және Қазақстанның позициясының рейтингісінде әділет органдарының рөлі, сондай-ақ, Президентінің Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылау аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара соңында  аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралып, сапалы жұмыстар жүргізілу туралы шешім қабылданды.
 
Қарағанды қаласы
Әділет басқармасы