-A A +A

Қарағанды қаласының Әділет басқармасымен семинар отырысы өткізілді

 

 

2017 жылдың 17 қарашасында Қарағанды қаласының Әділет басқармасы және «VASS торг» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен бірлесіп Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің қызмет жағдайын түбегейлі жақсарту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мақсатында меншік құқығы саласындағы мәселесі бойынша семинар өткізді.

 

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде индикатор «Меншікті тіркеу» және Дүниежүзілік Экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту индикаторының «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» бойынша мәселелеріде талқыланды.

 

Жиын соңында қатысушылар Қарағанды қаласында кәсіпкерлердің қызметінің даму деңгейінің сапасын арттыру мақсатында әрі қарай тіркеуші органдармен бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі бойынша пікір алмасты.

Қарағанды қаласының Әділет басқармасы