-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментімен «дөңгелек үстел» өткізілді

        2017 жылдың 01 қарашадағы Қарағанды облысы әділет департаментімен жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджет және коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 4,5,6 тармақтарын орындау мақсатында пилоттық жоба тәжірибесіне сәйкес деректер қорын салыстырулары бойынша жұмыс жиналысының хаттамасына сәйкес, әділет департаменті басшысының орынбасары Т.К.Ермагамбетов, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Р.А.Асилханов, «Қарағанды облысының кірістер департаменті» ММ-сі, Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы – Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті және Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының өкілінің қатысыумен іс-шаралар Жоспарын орындау туралы, қабылдау бойынша қажетті шараларды уақытылы және сапалы орындау мақсатында «дөнгелек үстел» өткізді.
       Сонымен қатар, іс шараға мемлекеттік және өкілетті органдардың өкілдері қатысып, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын салыстырып тексеру проблемалық мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша одан әрі ыңтымастық қажеттігі туралы пікір алмасты.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі