-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментімен мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өндіру сұрақтары бойынша жұмыс жиыны өткізілді

 

 

2017 жылдың 20 қарашасында Қарағанды облысы Әділет департаментімен Қарағанды облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасы мен Қарағанды облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиыны өткізілді.

Жиынға Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.К. Ермагамбетов, жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С. Гандзюк, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Д.Ш. Куанышев, жеке сот орындаушы Г.Сартаева, Қарағанды облысы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары                   А.А. Мейрамов, әкімшілік тәжірибе бастығы Е.А. Жартыбаев, Қарағанды облысы ІІД ӘПБ инженері А.Б. Тубеков қатысты.

Аталған жұмыс жиынында мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша мәселелі сұрақтар талқыланды.

Аяқталған өндірістердің үлесін арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мақсатты индикаторына қол жеткізу, әкімшілік хаттамаларды толтыру және оларды әрі қарай мәжбүрлеп орындауға жолдауға байланысты проблемалар, мәселелерді шещу жолдары мен одан арғы өзара серіктестік талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Жиналыс қорытындысы бойынша, қатысушылар арасында бірқатар өзара келісімдерге қол жеткізілді.

 

 

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пресс служба Депаратмента

юстиции Карагандинской области