-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментімен Сатпаев қаласында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

        2017 жылдың қазан айының 27 күні Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының мекемесінде Қарағанды облысы Әділет департаменті  Қарағанды облысының Нотариалдық палатасымен бірлесіп атқару жазбасының мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
     «Дөңгелек үстел» отырысына «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Сәт тазалық» ЖШС, екінші деңгейдегі банктер, ломбардтар, Сәтбаев қаласының жекеше нотариустары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.
      «Дөңгелек үстелде» Елбасының  «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында қойылған міндеттердің бірі - қысқартылған өндірісті және бітістіру рәсімдерін кеңінен қолдану, жекелей алғанда нотариуспен атқару жазбасын жасау, сондай-ақ, атқарушылық жазбаны жасау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер және нотариустармен  бітімгершілік рәсімдерді жүргізу талқыланды.
     Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылармен заңды  біркелкі қолдану және осы бағытта  жұмыс сапасын арттыру туралы  ұсыныстар  енгізілді.
 
Сәтбаев қаласының
 Әділет басқармасы