-A A +A

Қарағанды облысы әділет департаментімен заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

   2017 жылдың 21 маусым айында Қарағанды облысының әділет департаменті  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды филиалы -ХҚКО қызметкерлерімен және Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілінің қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.
   Кездесу барысында заңды тұлғаларды тіркеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ тіркеу бойынша бас тартулар мен мерзімін тоқтату санының азаюы және Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды сапалы  қабылдау мәселелері талқыланды, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы әділет органдарының әрекеттеріне шағымдану мәселелері қозғалды.
    Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында   бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі бойынша пікір алмасты.
        
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі