-A A +A

Қарағанды облысы Әділет департаментінде Қарағанды облысы Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

 

2017 жылдың 14 қарашасында Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н. Жусуповтың төрағалық етуімен Қарағанды облысы Әділет департаментінде Әділет органдары Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Үйлестіру кеңесі мүшелері және, Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде жеке сот орындаушыларымен алимент өндіру бойынша проблемалық мәселелерді шешу туралы және адвокаттармен кепілдікті тегін заң көмек көрсетуінің өзекті мәселелері туралы сұрақтар, сонымен бірге ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Кеңес отырыс қорытындысында жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының анықтау және көші-қон полициясы органдарымен алименттік төлем жөнінде борышкерлерді іздестіруді жүзеге асыру және қылмыстық жауапкершілікке тарту бөлігінде бірлескен жұмысын жалғастыру бойынша хаттамалық шешім қабылданды.

Адвокаттармен кепілдікті тегін заң көмек көрсетуінің өзекті мәселелері бойынша адвокаттардың кепілдікті заң көмек көрсету жүйесінде қатысу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

 

 

Қарағанды облысы

Әділет департаментінің

ұйымдастыру - талдау жұмысы бөлімі