-A A +A

Қарағанды облысында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

      

      2017 жылдың 24-25 қарашасында Қарағанды облысының әділет департаментімен Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесіп «Интеграциялық процесстердің аясында ұлттық заңнаманы үйлестіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
     Конференция жұмысына ғалымдар, тәжірибелік жұмыскерлер, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларус Республикасының, Украинаның жоғарғы оқу орындарының докторанттары және магистранттары қатысты.
       «Интеграциялық процесстердің кейбір құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндамамен Қарағанды облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Нұргүл Нұрпейісқызы Кенжебаева сөз сөйледі.   
         Конференцияда интеграциялық процесстер аясындағы ұлттық заңнама конвергенциясының теориялық – тарихтық негізі, заманауи әлемдегі интеграциялық процесстердің дамуының конституциялық және халықаралық-құқықтық мәселелері,  интеграциялық процесстер аясындағы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, құқықтық жүйелердің интеграция және конвергенция жағдайындағы ұлттық заңнаманың үйлесу мәселелері бойынша баяндамалар оқылды.
       Конференция қорытындысы бойынша барлық мақалалардың авторлары баспалық жиынтық пен қатысқандығы туралы сертификат алды, интеграциялық процесстердің аясында ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері негізгі ережелері болған резолюция дария етілді.
 
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі