-A A +A

Қарағанды облысының әділет департаментімен атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша отырыс кеңес өткізілді

        2017 жылдың 31 қазанында Қарағанды облысы Әділет департаментімен Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасымен бірлесе отырып, жеке сот орындаушылар Республикалық палатасы төрағасының орынбасары Г.М. Абдрахмановтың төрағалығымен атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша жұмыс жиыны өткізілді.
      Жиынға Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.К. Ермагамбетов, жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.С. Гандзюк, Қарағанды облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы  Д.Ш. Қуанышев және жеке сот орындаушылар қатысты.
        Жиын барысында ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қаралып, мемлекет пайдасына өндіру туралы атқару актілерін орындаудағы проблемалы сұрақтары мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарының индикаторларына, яғни, аяқталған атқару өндірістер көрсеткішін 54%-ға қол жеткізу бойынша әрекеттер алгоритмі талқыланды.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі