-A A +A

Қарағанды облысының әділет департаментімен «дөңгелек үстел» өткізілді

 

         2017 жылдың  27 маусымында  «Алимент өтемеуге қарсы 30 қадам» жоба Жоспарын және Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігімен Қазақстан республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен бұйрықты қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысы әділет департаментінің жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыру бөлімімен «дөңгелек үстел» өткізілді.
       Іс шара Қарағанды облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Н.О.Есебаевтың төрағалығымен және Қарағанды облысының жұмыспен қамтылуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілі мен Қарағанды облысы жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы, жеке сот орындаушылардың қатысуымен өткізілді.
       Отырыс барысындаалимент бойынша қарыз үш айдан асатын борышкерлерді жұмысқа орналастыру және есебін жүргізу, оларға көрсетілетін көмектің тиімділігі туралы сұрақтар талқыланды.
     Талқылау нәтижесі бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру кезінде ай сайынғы салыстырулар жүргізу және тараптардың ара қатынасын  қамтамасыз ету шешімдері қабылданды.
 
 
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі