-A A +A

Қарағанды облысының Әділет департаментімен Еуорпалық Одақтың қолдауымен «Қазақстандағы осал топтары үшін заң көмегі жүйесін жетілдіру» жобасы бойынша аймақтық «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

2017 жылы 29 қарашада Қарағанды облысының Әділет департаменті Қарағанды қаласында Адам Құқығы бойынша және Заңдылықты сақтау бойынша Қазақстандық Халықаралық Бюросының Қарағанды филиалымен бірлесіп Еуорпалық Одақтың қолдауымен «Қазақстандағы осал топтары үшін заң көмегі жүйесін жетілдіру» жобасы бойынша аймақтық «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

«Дөңгелек үстел» отырысына Орталық Азия Евразия Қоры, «Талдықорған құқық қорғау орталығы» серіктес ұйымы, Қарағанды облысының Әділет департаменті, Ішкі істер департаменті, Білім басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі комиеті басқармасының өкілдері, адвокаттар, сарапшы-құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жобаның негізі мақсаты халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау механизмдерін және тәжірибесін жетілдіру болып табылады, оның ішінде, олардың қылмыстық және азаматтық сот төрелігі жүйесіне тартылу жағдайында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасын жақсарту және қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жетілдіру.

«Дөңгелек үстел» отырысында осы жобаның аясында жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері талқыланды, оның мақсаты Қазақстанның 7 облысында: Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында халықтың осал топтары үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету механизмдеріне қатысты қазіргі кедергілерді талдау болып табылады.

 

Қарағанды облысы

әділет департаментінің

баспасөз қызметі