-A A +A

Қарағанды облысының әділет департаментімен нотариустардың біліктілігін арттыру курстары өткізілді

    

        2017жылдың 21 маусымында Қарағанды облысының әділет департаменті жанындағы Нотариат мәселелері бойынша оқыту-әдістемелік кабинетінің базасында облыстың 69 нотариусы үшін біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
           Біліктілікті арттыру курстарында «1999 жылдың 01 шілдесіне дейін мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда, мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқық туралы куәлік беру тәртібі», «Мұрадағы міндетті үлесті анықтау тәртібі», «Мұраны қабылдау тәртібі және мерзімдері», «Тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айыру кезінде сатушыға салық салу туралы», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру кезінде шетел азаматтарына салық салу туралы»  тақырыптарында заң ғылымдарының кандидаты Қазтұтыну қоғамы Қарағанды экономикалық университетінің   оқытушысы, сонымен қатар  Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі дәрістер оқыды.
         Жоғарыда аталған тақырыптарды талқылау нәтижесі бойынша облыс нотариустарына олардың, Қарағанды облысының әділет департаменті жанындағы Нотариат мәселелері бойынша оқыту-әдістемелік кабинетінің базасында біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін растайтын құжаттар берілді.
 
 
Қарағанды облысы
                                                                           әділет департаментінің
                                                                           баспасөз қызметі
 

  і