-A A +A

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне қайырымдылық акциясы

2017 жылғы 27 қарашадан 29 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағанды облысы әділет департаменті «Аумақтық әділет органдары жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қарағанды облысы әділет департаментінің қызметкерлері және облыс аумақтық бөлімдерінің сот орындаушылары аз қамтылған отбасыларға,көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, мектептік керек-жарақтар түрінде көмек көрсетілді.

 

                                                                                                                    Атқару өндірісін есепке алу

                                                                                   және бақылау бөлімі