-A A +A

Қылмыстық-түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен көшпелі семинар өткізілді

2017 жылдың 21 қарашасында Абай ауданы Әділет басқармасы басшысының орынбасары. М.Т. Ибрагимовтің басшылық етуімен Абай ауданындағы 159/5, 159/9 және 159/18 қылмыстық-түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер үшін қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобының көшпелі семинарлары өткізілді.

Семинарға, Қарағанды облысы Әділет департаментінің, «Гендерлік ақпараттық талдау орталығы», Адам құқығы және заңды бақылау бойынша Қазақстандық халықаралық бюросының Қарағанды филиалы қоғамдық бірлестіктерінің, аудандық заң кеңесінің, көші-қон полициясының өкілдері мен нотариус, адвокаттар қатысты.

Іс-шарада ақпараттық-насихаттау тобының тарапынан жазасын өтеушілерге әділет органдарының құзыретіне жататын (АХАЖ, адвокаттық, нотариалдық қызметтер) және құжаттандыру (тіркеу) сұрақтары мен жазасын өтеушілердің құқықтары бойынша заң кеңестері ұсынылып, сауалдарға жауап берілді.   

Абай ауданы Әділет басқармасы