-A A +A

Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру

      2017 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысы әділет Департаменті қызметкерлерінің (заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және атқару өндірісі бөлімдерінің) «Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибелік аспектілері және мүгедектермен қатынасу дағдысын арттыру» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында біліктілігін арттыру бойынша қашықтықтан оқыту курсы аяқталды.
        Аталған оқытудың басты мақсаты тыңдаушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуде теоретикалық білімін және тәжірибелік дағдысын құрау.
       Бір ай ішінде Департаменттің оқушы қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету барысын жетілдіру бойынша 7 тақырыпты меңгерді. Әрбір тақырып бақылау жұмысы мен тестілеумен жалғасты. Оқыту аяқталған күні курс басшысы Г.С.Исина дәріс-сұхбат сабағын өткізді.
     Біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге оқуды аяқтағанын куәландыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген құжат табысталады.
      Өте жоғары баға алған тыңдаушыларға (Садыгов А.А. – Қарағанды қаласы ӘБ басшысының орынбасары, Жансеитова Ш.Т. -  ӘД ЗТТБ бас маманы) біліктілігін арттыру сертификаты Орталықта қосымша емтихансыз табысталды.
 
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі