-A A +A

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы семинар отырысы

2017  жылдың  08 қарашасында  Қарағанды қаласының Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Asia-live» АҚ  өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету туралы  тақырыпта семинар өткізді.

Іс – шараның мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету заңдылықтарын түсіндіру үшін білікті заң көмегін көрсету, әділет органдарының Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде және Дүниежүзілік Банкі «Doing Business» рейтингісінде «Мүлік құқығы» индикаторы көрсеткіштерін жақсарту бойынша түсіндірілді.

Семинар барысында, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласына қатысты кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Соңымен қатар, АҚ қызметкерлеріне заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау барысында туындаған мәселелер бойынша заңды кеңестер берілді.

 

Қарағанды қаласы

Әділет басқармасы