-A A +A

Нұра ауданы әділет басқармасымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

2017 жылдың 08 қарашасында, Нұра ауданы әділет басқарма басшысының м.а. А. Мырзахметов және  «Нұра ауданының кірістер басқармасы» ММ-сі басшысы И.Т. Дәуренбековпен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы – Жер қадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Нұра ауданы бөлімінің басшысы Д.А. Түсүпбеков, Нұра ауданының Сәулет және қала құрылыс бөлімінінң басшысы А.Каусылов, Киевка кенті әкімі Б.Құдайбергенов, Нұра ауданы әкімшілігінің және Нұра ауданы бойынша Ішкі істер басқармасының әкімшілік полициясының өкілінің қатысыумен дербес бюджет және коммуналдық меншік жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде «Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу Туралы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті басқаруды дамыту мәселелері бойынша деректер базасын салыстырып тексеру мақсатында және орындау іс-шаралар жоспарын енгізу бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

         Сонымен қатар, іс шараға мемлекеттік және өкілетті органдардың өкілдері қатысып, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын салыстырып тексеру барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша аталған іс- шараларды жүзеге асыру мақсатында одан әрі ыңтымақтастықтың қажеттігі туралы пікір алмасылды.

 

 

Нұра ауданы

әділет басқармасы