-A A +A

Нұра ауданы әділет басқармасымен «семинар-кеңес» өткізілді

        

 2017 жылдың 15 қарашасында Нұра ауданының Әділет басқармасы Нұра ауданы әкімнің бірінші орынбасары М.К.Жумановпен бірлесіп,  мемлекеттік кірістер  басқармасы, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Қарағанды облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «Нұра ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Нұра ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ, «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ және 25 ауылдық әкімдердін қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  А. Ұ. Маминнің 2017 жылғы 31 наурыздағы бекіткен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дағы және органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректердің актуалдылығы мәселесі бойынша «Семинар-кеңес» өткізілді.

Кеңес барысында кадастрлық нөмерлерді тіркеу жазбасының қайталануы,  меншік иелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) болмауы, сондай-ақ олардың жарамсыз болуы, кадастрлық нөмердің болмауы, тұрғын емес үй-жай немесе жылжымайтын мүлік объектісі  орналасқан елді мекен немесе көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын ауданы), РКА–кодтың (мекенжайды тіркеу коды) болмауы, кадастрлық нөмердің басқа үй иесіне тіркелуі сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша, Әділет органдарымен жергілікті атқарушылық органдарының өзара қарым-қатынасы арқылы аталған бағыттағы жұмыс сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

 

 Нұра ауданы

әділет басқармасы