-A A +A

Осакаров ауданы Әділет басқармасымен «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды

  2017 жылдың 04 шілдесінде Осакаров ауданы әділет  басқармасы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
  Акция мақсаты – азаматтарға білікті заң көмегін көрсету, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
  Акция барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, ауылдық округтерде жасалатын нотариаттық іс-әрекеттер бойынша, алименттік төлемдерді өндіріп алу және де тағы басқа келіп-түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
  Сонымен қатар, азаматтарға «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ҚР Президентінің Жолдауына түсініктеме беріліп, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша жаңадан енгізілген ҚР Заңнамалары, соның ішінде «Мемлекетпен кепілдіндірілген заңды көмек» Заңына және де «Doing Business» Ұлттық банкі мен Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту мақсатында өткізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылып өтті.
 
Осакаров ауданы
Әділет басқармасы