-A A +A

Пресс-релиз «Состоялась отчетная встреча Министра юстиции Марата Бекетаева с населением»

   Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Әділет министрі Марат Бекетаевтың бейнеконференциялық байланысы арқылы аймақтармен халық алдындағы есептік кездесуі өтті.
   Кездесуде азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес қауымдастығы өкілдері болды.
   Кездесу барысында Марат Бекетаев Министрліктің қызметі және ведомствоның болашақ жоспарлары туралы баяндап берді.
   Министрдің есептемесіне қарағанда соңғы жылдары мынадай бағыттар бойынша бірқатар шаралар қабылданды: ұлттық заңнаманы қалыптастыру сияқты, құқықтық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету, сот сараптамалық қызметті ұйымдастыру.
   Министр есептік кездесулердің дәстүрлі форматын өзгертіп, өз баяндамасының 3 топтамасынан тұратын мәселелерді қарастыру бойынша халық тарапынан сауал тыңдауды ұсыныс етті.
   М. Бекетаев кездесуге келген азаматтардың, бейнеконференциялық байланыс арқылы елдің басқа аймақ тұрғындарының және министрліктің сайтына келіп түскен сұрақтарына жауап берді.
   Әділет министрі өз баяндамасының бірінші топтамасын нормашығарушылық және министрліктің мемлекет мүдделерін шетелде қорғау қызметіне арнады.
   Әділет министрі 2016 жылғы заңшығарушылық жұмыс жоспары толығымен орындалғанын атап өтті. Парламентке 18 заңжобасы түсті.
   Президенттің және Үкіметтің тапсырмасы бойынша былтырғы жылы жоспардан тыс 13 заңжобалары әзірленіп, Парламентке енгізілді. Депутаттардың бастауымен 7 заңжобасы әзірленді.
   Заңжобаларды әзірлеуден басқа Әділет министрлігі барлық нормативтік құқықтық актілерге заң сараптамасын жүргізіді. Белгілі бір НҚА мазмұнымен азаматтар «Ашық НҚА» порталында танысуға және ұсыныстар беруге мүмкіндік алғанын айтқан жөн. Әділет министрлігі заңжобалық қызметтің айқындығына және қоғамның алдында барынша ашықтығына тырысады.
   Сондай-ақ, Әділет министрі былтырғы жылдың қазан айынан бастап Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырыстары БАҚ қатысуымен, ал биылғы жылдың сәуір айынан бастап отырыстар ведомствоның сайтында тікелей эфирде өтіп жүргенін айтып өтті. ВАК мүшелерінің алдында есеп берген соң баяндамашылар журналистердің сұрақтарына жауап береді.
   Бұдан басқа, Әділет министрлігі халыққа заң және басқа да құжаттардың мәтіндеріне «НҚА эталондық банкі» және «Әділет» АҚЖ арқылы үздіксіз тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.             
   Одан әрі Министр министрліктің елден тыс жұмысы туралы баяндап берді. Министрлікке мемлекет мүдделерін халықаралық арбитражда және шетелдік соттарда қорғау бойынша ерекше мақсат артылды.
   Мысалы, балтырғы жылы Лондон қаласының Жоғарғы Әділеттілік соты Қазақстан Республикасы пайдасына тиесілі монғол компаниясының 22 млрд. 600 млн. тенгеге талабын қабылдамай қойды» шешім қабылдады – деді Марат Бекетаев арбитраждар бойынша басқа да мәлімет ұсына тұра.
   Осылайша, Түркия Республикасының Жоғарғы соты Түркия азаматының 3 млрд. 300 млн. тенгеге аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.
   Ағымдағы жылғы 8 наурыз күні Лондон қаласының Жоғарғы Әділеттілік сотымен ТОО «Руби Роз Агрикол» өтініші бойынша 2013 жылғы 1 тамыздағы төрелік шешімінің күшін жою жөніндегі өткен сот процесі бойынша Қазақстан Республикасы пайдасына тиесілі шешім қабылданды.
   Көрсетілген төрелік шешімімен Қазақстан Республикасына 214 млн. АҚШ доллардан асатын талап арыз кері қайтарылды. 
   Бұдан басқа, бұл бағыттағы жұмыстың басты мәселесі болашақта мүмкін болатын дауларды алдын алу болып табылады. Біздің қызметкерлер жер қойнауын пайдаланудың, әртүрлі әлеуметтік қажетті салаларда инвестициялық келісім шарттарын талқылау бойынша келіссөздерге белсене қатысуда. 
   Жалпы, соңғы 13 жылда Әділет министрлігі Республиканың мүдделерін арбитражды және шетелдік соттарда жалпы сомасы 17 млрд. 400 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа қорғады – деді Әділет министрі.
   Ведомство басшысы баяндамасының екінші топтамасы Конституциялық реформаның іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ Әділет министрлігінің жүргізіп жатқан реформаларына байланысты болды.
   Әділет министрлігі осы заңжобамен қатар заңнаманы оңтайландыру және айыппұлдарды айтарлықтай төмендетуге бағытталған ҚР ӘҚБК-не бірқатар өзгертулер мен толықтырулар әзірледі.
   «Мұнымен қатар, Әділет министрлігі зияткерлік меншік объектілері құқығын қорғауына жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдауда» – деді Марат Бекетаев.
   Әділет министрлігімен оңтайландырылған бірдеңгейлі тіркелу жүйесі бар заңжобасы әзірленіп, Парламентке енгізілді. Тіркеу бойынша өкілеттік «Зияткерлік мешік ұлттық институтына» тапсырылады. Мұнымен қатар, тіркеу бойынша сотқа дейінгі қарастыру мүмкіндігінің ұлғаюы қарастырылуда.
   «Келесі жылы біз күрделі, бірақ қажетті адвокатура және нотариат институттарының реформалауына көшеміз.
   Әділет министрлігі негізгі проблемалардың бірі адвокаттардың жеткіліксіздігі деп санайды. Ведомство көрсетілген проблеманың біртіндеп шешілуін жоспарлайды.
   Баяндаманың үшінші топтамасы қабылданған заңдардың аясында өткізілген жұмысқа арналды. Атап айтқанда, сот актілерін орындау және сот сараптамасы салаларына.
   «Жеке сот орындаушылар институты енгізілгелі 4,5 мыңнан астам лицензия берілді.
   Қабылданған шаралардың арқасында, жеке сот орындаушылар респкбликаның барлық аумақтарында, тіпті аудандарында қызмет етіп отыр.
   «Азаматтардың ерекше қиындыққа түскен сәттердің бірі берешектіктің кесірінен ел аумағынан шығуға мүмкіндіктің болмауы болды. Кейбір кездерде қандай себеппен тыйым салынғаны жөнінде, азаматтардың өздері де білмеді. Бұл проблеманы шешу мақсатында Министрлік «Қазпошта» АҚ-мен бір мезетте тыйым салу алынатын терминалдарды енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Мұндай терминалдар Қазақстанның  бес қаласында орнатылып, (Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Шымкент) тестілеу режимінде қызмет етуде. Жыл ішінде оларды елдің барлық әуежайларында іске қосады»- айтып өтті Әділет министрі өз баяндамасында.  
   Бұдан басқа Әділет министрлігі тиімділікті жақсарту, сондай-ақ, сот сараптамалық қызметті дамыту бойынша айтарлықтай күш салуда.
   Жеке сот сарапшылары мемлекетке жүктілікті біршама азайту тиіс, сонымен қатар, өткізіліп жатқан сараптамалардың сапасын арттыруға ат салысуы тиіс.
   Сонымен бірге, Министр көрсетілген салада бірқатар проблемаларды атап өтті. Оның бірі сот медициналық қызметі ғимараттарының және бөлмелерінің  материалдық-техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайының нормативтік талаптарға сай болмауы. 
 
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі