-A A +A

Приозерск қаласы Әділет басқармасымен «Әділет кеңес береді» науқаны өткізілді

         2017 жыл 28 қараша айында Приозерск қаласы Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партия филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әділет кеңес береді» науқаны өткізілді.

         Іс-шара мақсаты – әділет органдары жұмысының айқындығын, ҚР Әділет Министірлігіне қатысты мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығн қамтамассыз ету, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға кеңестңк көмек көрсету.

         Іс-шара барысында ұйымдастырушылармен азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,жылжымайтын мүлікке құқықтық құжаттарды қалпына келтіру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету, заңды тұлғаны тіркеу сұрақтары бойынша құқықтық кеңестер берілді.

         Сонымен қатар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының басты бағыттары талқыланды. 

 

Приозерск қаласы

Әіділет басқармасы