-A A +A

Приозерск қаласы Әділет басқармасымен Зияткерлік меншік саласында «дөңгелек үстел» өткізілді.

2017 жыл 12 желтоқсан айында Приозерск қаласы әкімат ғимаратында Приозерск қаласы Әділет басқармасымен «Приозерск қаласы кәсіпкерлер бөлімі» ММ, Приозерск қаласы әкім аппараты және Қарағанды облысы кісіпкерлер палатасы Приозерск қалалық филиал өкілдері қатысуымен «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы заңнама қолдауының негізгі аспектілері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы даулар туғызатын өзекті мәселелер, автор мен орындаушының мүліктік құқықтарын жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы және контрафктпен күресудің тиімді жолдары талқыланды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.

 

Приозерск қаласы

Әділет басқармасы