-A A +A

Приозерск қаласымен «Заңды тұлғаларды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді

2017 жыл 7 қараша айында Приозерск қаласы әділет басқармасы Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексы рейтингісіндегі ұстанымдарын жақсарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлкеттік корпарациясының комерциялық емес Акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының «ХҚКО департаментінің Приозерск қаласындағы бөлімі» қызметкерлері және ЖШС «ARAI-2017» өкілдері қатысуымен «Заңды тұлғаларды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шара мақсаты – орта және кіші бизнес өкілдеріне білікті заң көмегін көрсету, сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Кездесу барысында ҚР «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес, заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді электрондық тіркеу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі туралы түсініктемелер берілді.

Іс – шараның соңында мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің қызметі үшін қажетті талаптардың бірі болып саналатындығы айтылды.

 

Приозерск қалалсы

Әділет басқармасы