-A A +A

Шахтинск аумақтық сот орындаушылар бөлімімен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнін мерекелеу акциясы өткізілді.

2017 жылдың 30 қарашасында Шахтинск сот актілерің орындау бойынша аумақтық бөлімі, Шахтинск қаласының Әділет басқармасы, және Шахтинск қаласының әкімдігінің өкілдер қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әділет кеңес береді» акция және сайыс өткізілді.

          Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің білікті заң көмегін көрсету және құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.

Іс – шара барысында Шахтинск сот актілерің орындау бойынша аумақтық бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері олардың стандарт және регламенттері, заңнамалық актілерге өзгертулер және «Doing Business» Дүниежүзілік Банкі рейтингі бойынша сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті және  заңды тұлғаларды тіркеу, сот актілерді орындау, зияткерлік меншікті қорғау аясында сұрақтар көтеріліп, оларға тиісті түсінік берілді.

Сайыстың нәтежесі бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары және сыйлықтармен  марапатталды.

Кездесудің соңында, мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін жақсарту барлық мемлекеттік органдардың міндеті болып табылатыны айтылды, оның табысы олардың үйлесімді әрекетіне тәуелді болады.