-A A +A

Шахтинск қаласы Әділет басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді

   2017 жылдың 9 маусымында Шахтинск қаласы Әділет Басқармасымен «Doing Business» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісіндегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференц-залында Шахтинск қаласының жергілікті атқарушы мекемелердің қызметкерлері мен бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, яғни енгізілген өзгерістермен мелекеттік тіркеуді оңтайландыру талқыланды, сонымен қатар заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен тіркеу бойынша мағлұмат берілді.
  Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мекемелердің алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқару қажеттілігі туралы пікір алмасты.
                                                                                                           
                                                                          Шахтинск қаласының
                                                                        Әділет Басқармасы