-A A +A

Шет ауданының Әділет басқармасында шағы кәсіпкерлік субъектісімен кездесу өткізілді

  2017 жылы 04 шілде күні Шет ауданының Әділет басқармасымен, Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабылеттілік индексінің көрсеткішін жақсарту мақсатында, кіші кәсіпкерлік субъектісіне жататын «Талды-Нұр» Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрғасы Р.Қоңырбаевпен кездесу өткізілді.
  Кездесудің негізгі мақсаты, тіркеу кезінде заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу тәртібі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, авторлық құқықты қорғау саласы бойынша туындайтын сұрақтарды талқылау және Әділет басқармасының негізгі жұмысына байланысты сұрақтарды талқылау.
  Кездесу барысында кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша Стнадарттар мен Регламенттерді сақтау сонымен қатар әділет органдарының қызметін реттейтін заңнамаға түсінік берілді.
 
Шет ауданының
Әділет басқармасы