-A A +A

Сәтбаев қаласы Әділет басқармасымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджет және коммуналдық меншігін енгізу, пилоттық жоба тәжірибесі бойынша  деректер қорын сәйкестендіруді өткізу мақсатында Сәтбаев қаласы Әділет басқармасымен 2017 жылдың 8 қарашасында "дөңгелек үстел"өткізілді.

Іс-шара Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының басшысы К.А.Агибаевтың төралығымен, Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сәтбаев қаласының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің бөлімшесі, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі», «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Филиалы Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Сәтбаев қаласындағы бөлімі,  Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысының барысында кадастрлық нөмерлерді тіркеу жазбасының қайталануы,  меншік иелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) болмауы, сондай-ақ олардың жарамсыз болуы, кадастрлық нөмердің болмауы, тұрғын емес үй-жай немесе жылжымайтын мүлік объектісі  орналасқан елді мекен немесе көшенің атауы (даңғыл, тұйық, шағын ауданы), РКА–кодтың (мекенжайды тіркеу коды) болмауы, кадастрлық нөмердің басқа үй иесіне тіркелуі сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша, Әділет органдарымен жергілікті атқарушылық органдарының өзара қарым-қатынасы арқылы аталған бағыттағы жұмыс сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

 

 

Сәтбаев қаласы

Әділет басқармасы