-A A +A

Сәтбаев қаласы Әділет басқармасымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

  

2018 жылы қаңтар айының  12 күні  Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының  ұйымдастырумен «Мемлекеттік қызметті көрсету және сапасын көтеру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту және тоқтата тұру негізгі себептері туралы» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Филиалы Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Сәтбаев қаласындағы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысының барысында сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тіркеуден бас тарту мен тоқтата тұрудың санын азайту,  құжаттарды сапалы қабылдау, жылжымайтын мүлікті тіркеудің құқықтық маңызы, сонымен бірге Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартары мен Регламентінің нормаларын сақтауы талқыланды.

         «Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша мемлекеттік корпорация мамандарының кәсіби біліктіліктерін және мемлекеттік көрсетілетін қызметке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту шаралар ұйымдастыру  және өткізу туралы шешімі қабылданды.

 

 

Сәтбаев қаласы

Әділет басқармасы