-A A +A

Сәтбаев қаласы Әділет басқармасымен халықпен кездесу өткізілді

        2017 жылдың 15 қарашасында Сәтбаев қаласының әділет басқармасы Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №1 кеңейтілген алқа отырыс хаттамасын орындау мақсатында және Жезқазған аумағының  шеңберіндегі шалғайдағы  елді мекендеріне шығу  бекітілген кестеге сәйкес Весовой  кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

       Іс-шараның  мақсаты – азаматтарға білікті заң көмегін көрсету, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

      Кездесу барысында әділет органдарының «Меншік құқығы», «Интеллектуалды меншікті қорғау», «Кәсіпорын ашу», «Меншік құқығын тіркеу» индиаторлары бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейі және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша әділет органдарымен жүргізілген жұмыстары баяндалды.

       Азаматтардан жылжымайтын мүлікке, жер теліміне құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сот арқылы талап арыздарын құрастыру  бойынша сауалдар түсті.

 

Сәтбаев қаласының

Әділет басқармасы