-A A +A

Сәтбаев қаласы Әділет басқармасымен халықпен кездесу өтті

2017 жылы 09 қарашасында Сәтбаев қаласының  Әділет басқармасымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер қорының күшейту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Ұ. Маминнің 2017 жылғы 31 наурыздағы  хаттамасына сәйкес тапсырманы орындау мақсатында  Сәтбаев қаласының  тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Іс-шараға  Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сәтбаев қаласының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің бөлімшесі, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі», «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Филиалы Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Сәтбаев қаласындағы бөлімі,  Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдерінің қатысты.

        Сонымен қатар «Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Меншік құқығы»  көрсеткішін жақсарту және «Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" позициясын «Құқық тіркеу» индикаторы бойынша  Қазақстанның рейтингісін арттыру, азаматтардың құқық белгілейтін құжаттары бойынша дер кезінде рәсімдеу шараларын  қабылдау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселесіне  ерекше назар аударылды.

       Түскен сұрақтар бойынша қатысушыларға толық жауаптар берілді.

 

 

Сәтбаев қаласы

Әділет басқармасы

 

                                                                                               Управление юстиции

 города  Сатпаев