-A A +A

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

 Қарағанды облысы Әділет Департаменті  тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу  туралы  жариялайды.

     «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 141-1 бабы 2 тармағына сәйкес жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

       Заңңын 141  бабы 1 тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

        Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.   Үміткердің Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасы  Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы  Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі.

           Құжаттар Қарағанды облысы Әдiлет департаментінің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады.

       Біліктілік емтихан өту үшін  ұсынылатын құжаттардың тізбесі: (www.adilet.zan.kz):

  1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен

айналысу  құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін өтініш (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты);

2)жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын  құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

      дипломының бар екендігі туралы;

      тағылымдамадан өткендігі туралы;

     3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

       «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

  1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен

айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін өтініш (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты);

    2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

    дипломының бар екендігі туралы;

    тағылымдамадан өткендігі туралы;

    3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

     Құжаттарды қабылдау  Қарағанды  қ., Жамбыл  көш., 11А мекен-жайы бойынша, дүйсенбі  –жұма  сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30 дейін,  демалыс  күндері: сенбі, жексенбі.

      Байланыс телефондары: 8 (7212) 41 93 22,  42 04 63.

 

 

 

 

 

 

            Жеке  сот орындаушылар

қызметін  ұйымдастыру бөлімі