-A A +A

«Төрелі рөлі – мүліктік дауларды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел

             2017 жылдың  16 маусымында  Қарағанды қаласы Әділет басқармасымен «Конфеты Караганды» АҚ, «Конфеты Караганды Групп» ЖШС-ның орта және ірі субектілері үшін «Төрелі рөлі – мүліктік дауларды шешудің тиімді тәсілі» атты тақырыбында дөңглек үстел отырысы өткізілді.
            Дөңгелек үстел барысында, арбитраж дегеніміз – бұл тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларда даулы мәселелерді жылдам әрі тиімді шешу тәсілі екендігі жайлы айтылды. Дауларды төрелік түріндегі формада сотсыз шешудің басымдықтары тараптармен арбитрларды өздігінше анықтау мүмкіндігі, талқылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын мәселелерді шешу бойынша тараптардың еркінің дербестігі, рәсімдердің икемділігі және ықшамдығы, сонымен қатар дауды шешудің жылдамдығы, талқылаудың құпиялылығы және арбитраждық шешімнің тұжырымдылығы және міндеттілігі, оның мәжбүрлеп орындалуының кепілдігі болап табылатынын атап өтті.
            Дөңгелек үстел соңында қатысушылар «Төрелік туралы» ҚР Заңы даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігін арттыруға, оңтайлы инвестициялық климатқа ықпал ететін және халықаралық аренадағы еліміздің оң бейнесін арттыруға бағытталғаны туралы қортынды сөз сөйледі.
 
Қарағанды қаласы Әділет басқармасы