-A A +A

Ұлытау ауданы Әділет басқармасымен семинар өткізілді

2017 жылдың 04 желтоқсанында  Ұлытау  ауданының әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ң Қарағанды облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ұлытау аудандық бөлімі қызметкерлерімен, аудан аумағында қызмет ететін нотариустармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мен мемлекеттік қызмет көрсетуде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында семинар өткізді. 

Семинар барысында құжаттарды қабылдау сапасы жөнінде ұсыныстар қарастырылып, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының талаптарын орындау боынша шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

Семинарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсету дегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шешімдер қабылданды.

Ұлытау ауданының

Әділет басқармасы