-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша дөңгелек үстел

2017жылдың 29 қарашасында Қарағанды облысының әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды филиалының қызметкерлерімен заңды тұлғаларды,жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және әділет органдары және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Қарағанды облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Кенжебаеваның төрағалығымен өткізілді, сонымен қатар шараға Қарағанды қаласы әділет басқармасы басшысы А.У.Амантаев, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары С.А.Базарова және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ ҚФ Қарағанды қаласы бойынша бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ тіркеу бойынша бас тартулар мен мерзімін тоқтату санының азаюы және Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды сапалы  қабылдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне 2015жылғы 24 сәуірдегі №233 «Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу мәселелері бойынша стандарттарды бекіту туралы» ҚР Әділет Министрінің бұйрығына енгізілген 2016ж. 31.10. №948 өзгертулер мен толықтырулар ескеріле отырып стандарттар мен регламенттер нормасы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тіркеуші орган мен Мемлекеттік корпорация арасында бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі бойынша пікір алмасты.