-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар

2017жылдың 14 желтоқсан айында Нұра ауданының әділет басқармасы  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы - ХҚКО департаментінің Нұра аудандық бөлімінің қызметкерлерімен заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинар өткізді.

Кездесу барысында заңды тұлғаларды тіркеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ тіркеу бойынша бас тартулар мен мерзімін тоқтату санының азаюы және Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды сапалы  қабылдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы әрекеттегі заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілген.

                                                                  Нұра ауданының  әділет басқармасы

на