-A A +A

Жанаарқа ауданының Әділет басқармасымен бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында «Семинар-кеңес» өткізілді

2017 жылдың 09 қарашасында Жанаарқа ауданының Әділет басқармасы мемлекеттік кірістер  басқармасы, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Қарағанды облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Жаңаарқа ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ, «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ және Атасу кенті әкімінің аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары  А. Ұ. Маминнің 2017 жылғы 31 наурыздағы бекіткен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дағы және органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректердің актуалдылығы мәселесі бойынша «Семинар-кеңес» өткізілді.

Кеңес барысында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дағы актуаландыру нәтижесі, табылған қате мәліметтер жайлы.

Айтылғандарды ескере отырп, қатысушыларға 2017 жылдың 27 қазандағы Хаттамаға сәйкес қалған қателерді жою және атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру мен актуалдандыру бойынша, сонымен қатар  жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша жоспарға сәйкес  бюджеттің төртінші деңгейін енгізу мақсатында бірігіп жұмыс жасау үшін іс шаралар өткізу қажет.

 

Жаңарқа ауданының

    әділет басқармасы