-A A +A

Жаппай құқықтық оқыту және құқықтық насихат мәселелері бойынша «дөңгелек үстел»

         Бұқар-Жырау ауданы әділет басқармасының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 30 қазанында жаппай құқықтық оқыту және құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру бағытында Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі және ауданның ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде Петровка, Шешенқара селолық округтерінің әкімі аппараттары қызметкерлерінің жаппай құқықтық оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде ақпараты тыңдалды.
         Іс-шара барысында халықты жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің ары қарайғы құқықтық мәдениетін арттыру, заңнаманы оқыту бойынша бірлескен сабақтар өткізуді қамтамасыз ету жөнінде өзекті мәселелер талқыланды, құқықтық оқыту мектептерін ұйымдастыру және өткізу бойынша және аудан мекемелері мен ұйымдарында жаппай құқықтық  оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.  
Бұқар жырау ауданы
Әділет басқармасы