-A A +A

Жезқазған қаласы Әділет басқармасы «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын өткізді.

21 қараша 2017 жылы Жезқазған қаласы Әділет басқармасы  «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын өткізді.Акцияның басты мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құқықтық кеңестер беру, қолданыстағы заңнамалар аясында түсініктемелер беру болып табылады.

Әділет басқармасының  басшысының орынбасары  С. Жандильдинова   Қазақстан Рсепубликасының Әділет министрлігімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы  Заңдарының   жобаларына  ақпараттық түсіндіру жүргізді.

Аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.