-A A +A

Жезқазған қаласы Әділет басқармасында ақтару жазбасы туралы «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

      

        2017 жылғы 27 қазанда Қарағанды облысы Әділет департаменті Нотариаттық палатамен бірлесіп Жезқазған қаласы Әділет басқармасында жергілікті нотариустар, жеке сот орындаушылар, екінші деңгейдегі банк қызметкерлері, ломбардттар, «Жезқазған қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы» ММ- нің қызметкерінің қатысуымен атқару жазбасы мәселелері  бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
       «Дөңгелек үстел» барысында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер енгізіліліп отыр. Атқару жазбасы даусыз сипатта талаптарды тез әрі тиімді шешуді қамтамасыз ететін ең маңызды құқықтық құрал болып табыладылатындығы жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар арасында атқару жазбасы кезіне туындайтын қиындықтар туралы  сұрақтар қойылып оларға тұжырымды жауаптар қайтарылды. Соныменмен қатар борышкерлердің төлем мерзімдері және төлемдері бойынша тоқтала өтті.
                       
   Жезқазған қаласының  
 Әділет  басқармасы