-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Бұқар жырау ауданының әділет басқармасы 2017 жылдың               16 қарашасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ң Қарағанды облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бұқар жырау аудандық бөлімі қызметкерлерімен, аудан аумағында қызмет ететін нотариустармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мен мемлекеттік қызмет көрсетуде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында дөңгелек үстел өткізді. 

Кездесу барысында құжаттарды қабылдау сапасы жөнінде ұсыныстар мен ЖМТ МДҚ-дағы қате ақпараттарды түзету бойынша нотариустардың жүгінулерінің тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Барлық сауалдарға басқарма мамандарымен түсініктемелер мен жауаптар берілді. 

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе, қатысушылармен мемлекеттік қызмет көрсетудегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша шешімдер қабылданды.

 

Бұқар жырау ауданының әділет басқармасы