-A A +A

Қарағанды облысы әділет департаментінің құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы әділет органдарының орнығуы мен даму тарихының басталуы 1919 жылдың соңы 1920 жылдың басына сай келеді. 1919 жылдың 10  қазанында Қырғыз революциялық комитетінің құрамында сот құрылымы жөніндегі жұмыстарға басшылық ететін әділет бөлімі құрылды.
1920 жылдың 26 тамызы Қазақстан тарихындағы елеулі күндердің бірі болып табылды. Дәл осы күні БОАК-тың декретімен Қазақ АКСР құрылды, қазақ халқының өзінің ұлттық мемлекетін құру туралы ғасырлық арманы орындалды. Осы декретпен Қазақстанның әділет халық комиссариаты құрылды. 
1936 жыл Қарағанды облысы әділет органдарының құрылуымен байланысты. Облыс орталығы Қарағандыға ауыстырылды. Мұнда халық соттарының жұмыстарына басшылық ететін облыстық сот ұйымдастырылды. Бұл жылдары: Спиридонов (1943-1947 жж), Ешмұратов (1947-1948жж), Н.А. Бекболатов (1948-1951жж), Бикмеев (1951-1955жж), Аймбетов (1955-1956 жж) әділет басқармасын басқарды.
1956 жылдың тамыз айында әділет басқармалары жалпылай таратылды, ал сот басқару міндеттері өлкелік және облыстық соттарға жүктелді. Ал 1970 жылы Әділет министрлігі және облыстарда басқармалар құрылды, оларға 1956 жылға дейін айналысқан міндеттері қайтарылды. Осы уақыттан бастап облыстық әділет басқармасын келесі тұлғалар басқарды: З.А. Қажыбеков (1971-1983 жж), Д.А. Батталов (1983-1985 жж), М.К. Төлеубаев (1985-1992 жж), Е.Қ. Сейсембаев (1992-1997 жж), Ә.А. Ақжанов (02.1997-11.1997 жж), Б.Ғ. Рақымбеков (1997-1999 жж), М.С. Әбілов (1999-2002 жж), М.О. Әйкенов (2002-2004 жж).
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі Әділет министрлігінің жаңа парақтарын ашты. Тарихи өзгерістер егеменді республиканың маңызды заң актілерінің тууына себеп болды.
2004 жылдың қаңтар айынан бастап Әділет басқармасы «Қарағанды облысы Әділет департаменті» болып өзгертілді. 2004 жылдан бастап Департамент бастықтары болып келесі тұлғалар қызмет атқарды: М.О. Әйкенов (2004-2005 жж), Б.Ш. Әбішев (2005-2007 жж), С.Т. Мейрамбеков (2007-2009 жж).  2009 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Қарағанды облысы әділет департаментінің басшысы болып  М.С. Әбілов қызмет атқарады.