-A A +A

Әділет департаментінің қызметі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбесі

 

Әділет департаменті өз құзіреті қарамағында мемлекетқызметінің құқықтық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жұмысында заңдылық тәртібін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететінатқарушы өкімет органы болып табылады.

Қарағанды облысы әділет департаменті, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін, 11 бөлімнен тұратын облыстық аппарат және 18 Қарағанды облысының аудандық (қалалық) әділет басқармаларынан құралады.

  1. Қарағанды облысы әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы қызметі

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басты міндеті Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және әкімдіктер мен мәслихаттарда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеру болып табылады.

    2. Қарағанды облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметі

Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басты міндеттері:

  • заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуін, заңды тұлғаны қайта құру және қызметін тоқтатуды тіркеу;
  • филиалдар мен өкілдіктерді есепті тіркеу, есепті қайта тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу;
  • бизнес-сәйкестендіру нөмірінің ұлттық тізілімін жүргізу;
  • заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы  көпшілікке қол жетімді ақпараттар (қызметтік не коммерциялық құпиядан өзге ақпарат) ұсыну болып табылады.

3. Қарағанды облысы әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметі

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою бөлімінің басты міндеттері:

  • акт жазбаларының күшін жою, түзету мен толықтыру, қалпына келтіру, аты-жөні, тегін ауыстыру сұрақтары бойынша қолданыстағы заңдылыққа сәйкестігін қарау дұрыстығын тексеру;
  • күрделі істер санаты бойынша қорытындылар әзірлеп шығару;
  •  әділет органдары және басқа да мемлекеттік органдардан, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды жүргізеді.
  • көрсеткен қызметтің сапасы мәселелері туралы арыздарды қарау  болып табылады.

 

4. Қарағанды облысы әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бойынша қызметі:

  • зияткерлік меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуді;
  • осы салада қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеру арқылы туындыларға, авторлық және сабақтас құқықобъектілеріне, өнеркәсіп меншік объектілерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді;
  • мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдармен, азаматтармен зияткерлік меншік құқықтары мәселесі жөнінде өзара қатынаста болуды;
  • методикалық және практикалық нұсқауларөңдеуді;
  • зияткерлік меншік құқығын бұзған тұлғаларға қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыруды;
  • стратегиялар мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді;
  • өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік және құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

5. Қарағанды облысы әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызметі:

  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды, сондай-ақ олардың өзгеруі мен тоқтатылуын тіркеуді жүзеге асыру, құқықорнатушы құжаттардың телнұсқасын беру;
  • жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркеуді жүзеге асыру;
  • ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.

6. Қарағанды облысы әділет департаментінің құқықтүсіндірушілік жұмыс және халыққа заң көмегін көрсету саласындағы қызметі:

  • құқықтық көмекті, құқықтық насихатты ұйымдастыру және заң қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті үйлестіру;
  • мемлекеттік органдардың заң қызметтерімен құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;
  • әдістемелік және түсіндіру материалдарын әзірлеу, құқық қолдану практикасын қорытуды және реттеу, сондай-ақ халыққа құқықтық қызмет көрсету мен заң қызметін ұйымдастыру;   

·     өзқұзіретінің шегінде құқықтық  көмекті ұйымдастыру және заң қызметін көрсету,  құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара  іс-қимыл жасау;

·     нотариустар, адвокаттар және бағалаушылардың әрекеттеріне, олар көрсеткен қызметтің сапасы мәселелері туралы арыздарды қарау;

·     аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтарының әкімі аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларын аттестаттауды ұйымдастыру;

·     стратегиялар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

·      өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік және құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру болып табылады.

7. Атқарушылық өндірістерді есепке алу және бақылау  саласындағы қызметі:

·       Сот актілерін және басқа органдардың актілерін ҚР “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы” Заңының талаптарына сәйкес міндетті  түрде, толық  және өз уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

·     Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарының, жеке ұйғарымдар мен қаулылардың, прокурорлық әсер ету актілерін толық  және өз уақытылы қаралуын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда – олардың қатысуымен.

·         Сот актілерін орындау бойынша статистикалық және ведомстволық есепті құру;

·        жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; 

·        жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын жинақтайды; 

·        жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; 

·        жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

·        атқарушылық әрекетті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

·        жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді бастағанынан кейін алты айдан ерте емес және бір жылдан кем емес жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексеру жүргізіледі. 
   

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тізбесі:

  1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу;
  2. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
  3. жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
  4. нотариаттық және адвокаттық қызмет көрсетуге аттестация өткізу.