-A A +A

Статистикалық ақпарат

Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты 2017 жылдың 13 шілдедегі жағдай бойынша құқықтық мониторинг жүргізу бойынша АҚПАРАТ

Нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі - НҚА) қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың ұсынылған ақпараттарына Қарағанды облысы Әділет департаментімен талдау жүргізді.

Қарағанды облысының атқарушы және өкілді органдармен ұсынылған мәліметтерді қорытындалау нәтижесінде 2017 жылдың 13 шілдедегі жағдай бойынша Қарағанды облысы  аумағында 645 нормативтік құқықтық акт қолданыста.

2017 жылдың 1 жартыжылдығына мониторинг жүргізуінің нәтижелері, келесіні көрсетті.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу саласында Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттігінің жаһандық индексінің жүйесін жетілдіру

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі принциптерінің бірі сапа мен қолжетімділік, сонымен қатар процесті тұрақты жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі болып табылады. Аталған принциптерді басшылыққа ала отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тиісті дәрежеде жұмысты орындау үшін әділет органдары жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіреді.

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету «Әділет органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан және нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы» ақпарат

Қарағанды облысы әділет департаментінің  АХАТ және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша -917 өтініш қаралды, соның ішінде -916 құжатқа апостиль қойылды (1 құжат орындаусыз қайтарылды). АХАТ органдарының берген құжаттарына- 678(74,0%), нотариустармен-237 (26,0%), басқа да мемлекеттік органдармен берілген -1(0,1% ), СІМ сұраулары бойынша 27 құжат, ЭҮП бойынша—1 құжатқа апостиль қойылды. Апостиль қою бойынша 1 009 015 мемлекеттік баж салығы алынды.

«Шет аумақтық сот актілерін орындау бөлімі» филиалының атқарушылық өндірістер бойынша атқарылған жұмыстары

Қарағанды облысы Әділет Департаментінің «Шет аумақтық сот актілерін орындау бөлімі» филиалында 2017 жылдың басынан өндірісте 194 атқарушылық өндіріс болды, оның 151-і (77,83%) алимент санатына жатады және мемлекет пайдасына өндіру бойынша 16 атқарушылық өндіріс болды, оның 3-і мүлікті тәркілеу, 13 атқарушылық құжат 44543600 теңгені мемлекет пайдасына өндіру.

2016 жылдың қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

Зияткерлік меншік құқықтарын тиісінше қорғау мәселелері экономикалық сипаттағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы растап отыр, оған сәйкес осы ұйымға кіруге ниет білдірген мемлекет өзінің ұлттық заңнамасын Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (1994 жылғы 15 сәуірдегі) сәйкес келтіруге міндетті.

Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты 2016 жылдың 30 желтоқсандағы жағдай бойынша құқықтық мониторинг жүргізу бойынша АҚПАРАТ

    Нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі - НҚА) қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың ұсынылған ақпараттарына Қарағанды облысы Әділет департаментімен талдау жүргізді.

2016 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

      Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру міндеттерінің бірі контрафактілік және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күресуге, алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
     Әділет органдарымен 2016 жылдың 11 айында зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 179 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 152 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК 158-бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 155 әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Саран қаласы әділет басқармасымен 2016 жылдын 12 ай атқарған жұмысы туралы ақпарат

Саран қаласы Әділет басқармасымен 2016 жылдың 12 ай ішінде келесі жұмыстар атқарылды:

Кіріс хаттары 3884, шығыс хаттар 3754 құрады. Жеке және заңды тұлғалардың 122 жүгінулері қаралды. Оның ішінде, 1-жеке қабылдау, 108 хат қабылдау жеке тұлғалардың,13- заңды тұлғалардың.

Өтініштерді  қабылдау, қарастыру  және орындау кезінде ҚР заңдарының талаптары сақталады.   

Қаражал қаласы әділет басқармасымен 2016 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қаражал қаласы Әділет басқармасымен 2016 жылдың 12 ай ішінде келесі жұмыстар атқарылды:

Кіріс хаттары 2538, шығыс хаттар 3450 құрады. Жеке және заңды тұлғалардың 51 жүгінулері қаралды. Оның ішінде, 49-жеке қабылдау, 2- хат қабылдау.

Беттер